Загрузка времени...

Сапалы білім мен саналы тәрбиені үйлестіріп, жан-жақты дамыған Қазақстанның болашақ иесін қалыптастыратын “Аниса” білім баспалдағына қош келдіңіздер!

Құндылықтар

Игілік

  • Айналадағы адамдарды бағалай білу
  • Салауатты өмір салтын ұстана білу
  • Гигеналық ереже, қауіпсіздік техниканы сақтай білу
  • Позитивті- эмоционалды күйді сақтай білу
  • Мазасыздық пен стресті жеңе білу

Жауапкершілік

  • Жалпыға бірдей ережелерді , нормаларын сақтай білу
  • Оқу және өз-өзін тәрбиелеу үшін жауапкершілікті өз мойныны ала білу
  • Қоршаған ортаға ұқыпты қарай білу
  • Белсенді азаматтық ұстанымды білдіре білу, іс-әрекеттегі патриотизмді көрсете білу /ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту үшін жауапкершілік: ана тіл, мәдениет, әдет-ғұрып, дәстүр т.б/
  • Оң өзгерістер беретін шешімдер

Мектеп директорының сөзі

Мен аты-жөнім Дәулетияр Шынар Бектасқызы. Білім саласында 24 жылдан астам тәжірибем бар. Яғни, гимназия, физика-математика тереңдететін лицей және жекеменшік мектептерде мұғалімдіктен бастап директорлыққа дейін қызмет атқардым. Қазір «Аниса» жекеменшік мектебінің директорымын. Біз әр жылы командамызбен оқу жылына жоспарлар құрамыз.

Бірінші балалардың физикалық, когнитивті, психологиялық дамуын зерттейтін «Британдық нейродиагностика» жасау арқылы оқушыларымызды мектепке қабылдау жасадық.

Екіншісі қауіпсіздік. Балалардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында, біз бейнебақылаумен турникеттің жұмысын күшейттік.

Үшіншісі асхана. Асхана мәзірін қазіргі заманға сай диетологтар, нутрициологтар 3 мезгіл тамақтануды дайындайды.

Төртіншісі білім сапасын арттыру. Мектебімізде ағылшын және математика тереңдетіліп оқытылады. Бізде ағылшын тіл тасымалдаушымен (носитель языка) Speaking Club, Сингапурлық әдіс бойынша математикалық логика, интеллектум және робототехника қостық. Әр жұма шығармашылық күн, қызықты іс-шаралар өтіледі. Сыныппен бірге бала театр, музей, мұражай, киноға барады. Бізде 10-нан астам үйірмелер бар. Мектебіміздің жұмыс уақыты таңғы сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Біздің мектебімізде күтеміз. «Аниса» мен үлкен белестерге жете берейік.

22


Оқытушылардың жалпы саны

5


Ер адам

17


Әйел адам

45


5 жылдан жоғары тәжірибесі бар мамандар пайыз көрсеткіші

Прокрутить вверх